- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Жақыпов: ТМД - көптармақты ынтымақтастықтың маңызды саяси алаңы
Қ. Жақыпов: ТМД - көптармақты ынтымақтастықтың маңызды саяси алаңы
ТМД ПАА Кеңесі отырысының күн тәртібінде қаралған сұрақтардың бірі – Қазақстанның 2015-жылғы ТМД-ға төрағалығына қатысты болды.
Мәжіліс Спикері біздің еліміздің төрағалығы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Тұғырнама негізінде жүзеге асырылғанын атап өтті.
«Тұғырнама мұрагерлік принципіне негізделіп, осыған дейін қабылданған халықаралық келісімдер мен шешімдерді дәйекті жүзеге асыруға бағытталды»,-деді Қ. Жақыпов.
Мәжіліс Төрағасының айтуынша, Қазақстан төрағалығында Достастық шеңберінде өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға, сондай-ақ ТМД кеңістігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдауға бағытталған бастамаларға ықпал етуге басымдық берілді.
Қ. Жақыповтың атап өткеніндей, Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру төрағалықтың маңызды міндеттерінің бірі болды. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы:
«Қазақстанның бастамасы бойынша ТМД елдері басшыларынан БҰҰ 70 жылдығына байланысты және халықаралық лаңкестікке қарсы күрес туралы мәлімдемелер қабылданды. ТМД қатысушы-мемлекеттер бейбітшілікті қамтамасыз ету мен қауіпсіздік бағытында БҰҰ рөлі айрықша екенін білдіріп, сонымен бірге, барлық мүдделі мемлекеттер және халықаралық ұйымдармен лаңкестікке қарсы күресте сындарлы іс-қимылға дайын екендіктерін көрсетті»,-деді.
Қабиболла Жақыпов сөзін қорытындылай келе, Қазақстанның төрағалығы барысында өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары одан әрі нығая түскеніне, ТМД-ның көпқырлы ынтымақтастықтың маңызды саяси алаңы екені тағы бір мәрте дәлелденгеніне тоқталды.
ТМД ПАА 43-пленарлық отырысы көші-қон, кәсіпкерлік және жергілікті өзін-өзі басқару сынды салаларды қамти отырып, модельдік заңнамаларға қатысты ауқымды мәселелерді талқыға салды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда