- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев: Терроризмді әлемнің бірлескен іс-қимылмен ғана жеңуге болады (ФОТО)
Қ.Тоқаев: Терроризмді әлемнің бірлескен іс-қимылмен ғана жеңуге болады (ФОТО)
Өткен шаралар барысында терроризмге қарсы іс-қимыл, үлгі заңнамалық базаны жетілдіру, қылмыспен күрес саласындағы ұлттық заңнамаларды жақындастыру және үйлестіру, сондай-ақ басқа да мәселелер талқыланды. ТМД ПАА Кеңесі жұмысындағы негізгі мәселелердің бірі «Халықаралық терроризммен күресте күш біріктіру туралы» мәлімдеменің қабылдануы болды. Құжат Қазақстан Парламентінің бастамасы бойынша келісіліп, қабылданды және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай әлемдік желісін құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы барысында айтқан идеясымен толығымен ұштасады.
ТМД ПАА Мәлімдемесінде «терроризм мен адамгершілікке жат, қорғансыз және кінәсіз адамдарға қарсы, халықтарды қорқытуға және бытыратуға бағытталған, тұтастай аумақтарды тұрақсыздыққа ұшырату мақсатындағы қырғынға ұшырататын террорлық шабуылдарды үзілді-кесілді айыптайды». «Терроризмді тек халықаралық құқық аясында және БҰҰ-ның үйлестіруші рөлінің негізінде барлық мемлекеттер мен халықтардың бірлескен, дәйекті түрдегі және жүйелі іс-қимылымен жеңуге болады» деп атап өтілген.
Құжатта әлем парламентшілерін халықаралық терроризмге құқықтық қарсылықты күшейту және террормен халықаралық күрестегі парламенттік дипломатияның әлеуетін барынша жұмылдыруға шақыру бар. Кеңес отырысында сөз алған Қ.Тоқаев ТМД ПАА Қаулысына терроризмге қарсы ауқымды коалиция құру жөніндегі ТМД мемлекеттері басшыларының және басқа да әлемдік көшбасшыларының бастамасын қолдау туралы жеке тармақ қосуды ұсынды. Одан басқа, Қазақстан Сенаты Төрағасының ұсынысы бойынша Қаулыға «халықаралық терроризмге қарсы күрес жөніндегі бәрі қамтылатын Конвенцияға келісу және қабылдау үдерістерін тезірек аяқтау мақсатында» бірлескен күш-жігер қажеттігі туралы ереже енгізілді. ТМД ПАА Төрағасы Валентина Матвиенко Мәлімдемені әзірлеу және қабылдау жөніндегі бастамасы үшін Қазақстан Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевқа алғыс айтты.
Отырыс барысында Кеңес мүшелері сондай-ақ «Парламенттік делегациялар мен ұлттық парламенттер мүшелеріне қатысты саяси себептер бойынша шектеу шаралары тәртібін халықаралық тәжірибеде қолдануға жол бермеу туралы» мәлімдемесін қабылдады. Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев ТМД және оның Парламентаралық Ассамблеясының жұмысы туралы айта келіп, Достастық Еуразияның орасан зор кеңістігінде қауіпсіздік пен көптұрпатты ынтымақтастықты қамтамасыз етуде зор еңбек сіңірген беделді халықаралық ұйым екенін атап өтті. «ТМД-ның пайда болу тарихы және 1990 жылдардың басындағы жағдай қалай өрбігіні біздің есімізде.
Сондықтан Достастық аясында атқарылған істерді біз бағалауымыз керек», - деді Сенат басшысы. Сонымен бірге Қ.Тоқаев Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылы 16 қазанда Бурабайда Достастық мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысында айтқан ұсыныстары келешекте ТМД-ны трансформациялаудың негізіне айналатынына сенім білдірді.
Парламентаралық Ассамблея туралы айта келіп, Қ.Тоқаев «Біздің ұйым өте керек және парламенттер тұрғысынан ғана емес, біздің мемлекеттеріміз халықтарының жақындасуы тұрғысында аса маңызды болып отыр» деді. Сенат Төрағасы сонымен қатар ұлттық заңнамаларды әзірлеу барысында ескерілетін үлгі заңдарды жасап шығару жөніндегі ТМД парламентшілері мен сарапшыларының пайдалы қызметін атап өтті. Санкт-Петербургте болған кезде қазақстандық депутаттар ТМД ПАА және ҰҚШҰ ПА тұрақты комиссияларының жұмысына қатысты. Таврия сарайындағы шаралар аясында Қазақстан Парламенті Сенаты мен Ресей Федерация Кеңесінің арасындағы Парламенттік ынтымақтастық комитетінің де отырысы болды. 27 қарашада қазақстандық парламентшілер ТМД ПАА-ның 43-ші жалпы отырысына қатысты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады