- Басты
- Жаңалықтар
- Мақтаралдық диқандар 192 мың тонна «ақ алтын» жинады
Мақтаралдық диқандар 192 мың тонна «ақ алтын» жинады
Аудандағы мақтаның гектар өнімділігі 25 центнерді құраған. Барлық өнімнің 108,1 мың тоннасы немесе 56,2 пайызы аудандағы 280-нен астам мақта теру комбайндарының күшімен жиналған. Аудандағы 18 мыңдай шаруа қожалығы биыл 136,1 мың гектар алқапқа бақша, көкөніс, жүгері, күріш және т.б. ауылшаруашылығы дақылдарын егіп 62,7 млрд. теңге ауыл шаруашылығы өнімдерін жинаған.
Яғни, 663 мың тонна қауын, қарбыз, 78 мың тонна қырыққабат пен қияр, қызанақ т.б. көкөніс өнімдері алынды. Ал ауданның жалпы ішкі өнім көлемі 109,6 млрд. теңгені құраған. Осы шаруалардың егіс алқаптарының құнарлығын қалпына келтіру мақсатында арзандатылған бағамен 78,1 мың тонна минералды тыңайтқыш пен 52 мың тоннадан астам жанар-жағар май берілген.
Сонымен қатар, брифингте аудан әкімі аймақты жыл бойына тиімді бағамен үзіліссіз бақша, көкөніс, жеміс-жидекпен қамтамасыз ету үшін сыйымдылығы 10 мың тонналық 4 қойма салынып жатқанын мәлімдеді. Алдағы уақытта Жетісай қаласында 3 және 2 мың тонналық қойма пайдалануға берілмек. Бүгінде ауданда сыйымдылығы 12 720 тонна болатын 25 ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын қарапайым қоймалар бар.
Ал ҮИИД бағдарламасы аясында осы жылы 925 млн. теңгеге 5 инвест жоба Индустриалды карта бағдарламасы аясында іске асырылып, жыл соңына дейін 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Нәтижесінде 80 жаңа жұмыс орнын ашу күтілуде.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам АӘК алды