- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Ноғаев: Барлық мемлекеттік бағдарламаларды тиімді түрде іске асыруды жалғастыра береміз
Н.Ноғаев: Барлық мемлекеттік бағдарламаларды тиімді түрде іске асыруды жалғастыра береміз
11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырсындағы Мемлекет басшысының үкімет пен жергілікті атқарушы билік өкілдерінің жұмысына қатысты сын айтқаны белгілі. Оның айтуынша, елімізде мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері өз дәрежелерінде пайдаланылмай жатыр.
«Біздің облыс бойынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы қызметін барлық аудандар пайдалана алмай отыр. Бес аудан, атап айтсақ, Қаратөбе, Ақжайық, Жанғалы, Жәнібек пен Бөкейорда аудандары аталмыш бағдарлама бойынша бірде бір жобаны қолға алмаған.
Екінші бір кемшілік жылу есептегіштерінің орнатылу көрсеткішінің төмендігі. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш небары 14 пайызды ғана құрап отыр. Біз мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша атқарылар жұмыстарды дереу қолға алдық. Қазірдің өзінде аталмыш ескертпелерді түзету үшін орындалуы керек жұмыстардың жоспарын түзіп қойдық. Жоғарыда аты аталған бес ауданда ғана емес, жалпы облыс көлемінде мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі шараларды қолға аламыз. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік жағдайын көтеріп, ел экономикасын нығайта түсуі керек. Ал жылу есептегіштерін орнатуға келер болсақ, келер жылдың соңына дейін біз 825 қондырғыны орнатуды жоспарлап отырмыз», - деп толықтырды өңір басшысы.
Облыс әкімі «ТКШ Модернизациялау» мемлекттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлердің жөнделіп жатқанын айтуды да ұмытпады.
«Бұл бағдарлама сәтті іске асырылып жатыр. Бастысы бұл тек қалада ғана емес, аудан орталықтарында да кеңінен қанат жайды. Мысалға, мен Шыңғырлау ауданына барғанда осы жұмыс бойынша халықтың белсенділігін байқадым. Ауыл тұрғындары тағы да қосымша қаражат бөлуді сұрап отыр. Біздің мақсатымыз – мердігерлерді қатаң бақылап, жұмыстың тиімділігі мен сапасын қадағалау», - деп қорытындылады әкім.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары