- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Қазақстандағы Ғарыш күндері – 2015» халықаралық семинары өтуде
Астанада «Қазақстандағы Ғарыш күндері – 2015» халықаралық семинары өтуде
Семинарға Франция, ФГР, АҚШ, Израиль, Ұлыбритания, Швейцария, Испания, Норвегия, Нидеоланды, Жапония, Канада, Мысыр, Оңтүстік Африка, ҚХР, Оңтүстік Корея, Иран, Ресей, Украина мен Беларусьтің 350 маманы қатысуда.
«Ғарыш күндері» халықаралық семинары үшінші рет ұйымдастырылып, дәстүрге айналды. Шараға 20 елден мамандар қатысуда. Қазақстан үшін аталмыш семинар өте маңызды. Соңғы жылдары Қазақстан өте көп жұмыс атқарды. Мемлекет басшысы ғарыш саласын дамыту мәселесіне үнемі назар аударады, соңғы жылдары 4 өзіміздің жерсерік пайда болды», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.
Министр атап өткендей, Қазақстан қазіргі таңда ғарыш технологиялары бойынша 50 елдің, жоғары шешімді технологиялар бойынша 10 елдің қатарына еніп отыр.
«Кадр дайындау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 1300 маман ғарыш саласында жұмыс істеуде. Төрт отандық ЖОО-да отандық мамандарды дайындап жатырмыз», - деді министр.
Айта кетейік, халықаралық семинар 4 секция бойынша өтеді, ол ЖҚЗ мен ЖҮИЖ мәліметі бойынша экономиканың әр саласына байланысты болады.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер