- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасының шетелдік жоғарғы наградалары таныстырылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасының шетелдік жоғарғы наградалары таныстырылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)



«Көрме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып ашылды. Бұл наградалар біздің Мемлекет басшысымыздың әлем қауымдастығының мойындағанының белгісі болып табылады. Бүгінгі күнге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа 39 шетел наградасы берілген. Бұл елдер оны лидер ретінде мойындап, Қазақстанды күшті ел ретінде мойындады деуге болады», - деді Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков көрменің ашылуы барысында.

Коллекцияда Ұлыбритания, Жапония, Ресей, Ватикан, Франция, Ауғанстан, Қытай және басқа да елдерден берілген наградалар қойылған.



Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай көрменің ерекшелігіне тоқталды.

Көпшілік назарына алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа берілген шет мемлекеттердің 39 жоғары наградалары ұсынылды.



«Бүгінгі көрменің бірегейлігі сол, мұнда қойылған әр медальдің, әр орденнің өзіндік тарихы бар. Әр награда – бұл біздің Елбасымыздың ұлы еңбегі. Біздің Президентіміз Қазақстанды барша әлемге танытты. Біз өз Президентімізді мақтан етуіміз керек», - деді Д.Мыңбай.


Шараға сондай-ақ, жазушы Әкім Тарази, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шамшадинова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары мен оқытушылары, Қазақ технология және бизнес университетінің, Қазақстандағы елшіліктердің өкілдері, саясат және қоғамдық қайраткерлер қатысты.




"Автрия Республикасына көрсеткен құрметі үшін үлкен жұлдыз" Ордені Н.Назарбаевқа 2000 жылы тапсырылды.








Көрменің мақсаты – мұрағаттық құжаттар арқылы президенттік институттың қалыптасуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің нығаюның негізгі кезеңдерін көрсету.






Көрме бірінші қабатта атриумдағы үлкен экранда көрсетіліеді. Көрме 2016 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады.
Индира Кауметова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу