- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да проблемалық жобалар қысқартылады - Ә.Исекешов
ҚР-да проблемалық жобалар қысқартылады - Ә.Исекешов
Естеріңізге сала кетейік, 11 қазандағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы министрліктер кабинетінің жұмысына бірқатар сын таққан еді. Индустриялды саясат жөнінде айта келіп Елбасы: «Қабылданған мемлекеттік бағдарламалар әлі де болса шикі. Бірқатар кәсіпкерліктер тауарларын өткізуде, шикізатты алуда, кадрмен қамтамасыз етуде қиындықтар көріп отыр. Бағдарламаны іске асырған уақыт ішінде тек бір ғана жоба бойынша 100 млн теңгеге инновациялық грант берілді», - деді.
«Біз жасау жолдарын қарастыра келіп Индустрияландыру картасындағы жобаларды таңдау ережесін өзгерттік. Бірқатар сын да айтылды, мысалға, экспорт бағытталу, еңбек өнімділігі, өте жоғары бағадағы үсітнен қосылаған құн секілді. Осыны есекере отырып, 2012-2012 жылдары қолға алынған жобалар өте мұқият түрде қаралатын болады. Солардың ішінде біз қиындықтарды көп көріп отырған жоқпыз. Ал қалыпты жұмыс жасай алмай жатқан, тұралап қалған проблемалы жобаларға келер болсақ, олардың саны 35 болған еді, ал қазір солардың тек 13-і қалды. 21-і таратылып жіберілді», - деді Ә.Исекешев.
«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бірқатар сын айтып, индустрияландыру бағдарламасының орындалуында кедергісін келтіріп отырған өте тар шеңбердегі проблемалы жағдайларды баса айтқан. Айналасы жиырма күннің ішінде министрлік тарапынан ұжым құрылып, енді біз барлық мәселелерді қарап, олардың шешу жолдары мен механизмін іздестіреміз», - деді министр.
Индустрия және жаңа технологиялар министрінің айтуынша, АҚШ, Еуроодақ елдері секілді көптеген мемлекеттер әлгіндей бағдарламаларды тек 2011-2012 жылдары ғана қолға алған.
Сонымен қатар, министр қайта өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің жоғары екенін де атап өтті. Жалпы қайта өңдеу өнеркәсібінің өсімі экономиканың қиындық көрген кездерінде аяққа тұруға сеп болған бірден бір сала екенін алға тартты.
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
«Тәуелсiздiк ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
Сот-сараптама реформалары: сот дәрігерлерінің еңбекақысы, мәйітхана ғимараттары мен жаңа Заң жобалары -
НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын кімдер және қалай жүргізеді -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма