- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Жақыпов Ресей мен Пәкістанның депутаттарымен кездесті
Қ.Жақыпов Ресей мен Пәкістанның депутаттарымен кездесті
Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесу барысында аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету жайы әңгіме өзегіне айналды.
Қабиболла Жақыпов бірлескен мақсаттарға жету үшін, соның ішінде, халықаралық лаңкестікке қарсы іс-қимыл барысында парламенттер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Осы күні Мәжіліс Төрағасы Пәкістан Парламенті Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Сардар Аяз Садикпен жүздесті. Пәкістандық парламент өкілдері ҰҚШҰ және ШЫҰ ынтымақтастығын дамыту мақсатында ҰҚШҰ ПА шараларына алғаш рет қатысып отыр.
Мәжіліс Төрағасы әріптесін Парламент Палатасы басшылығына қайта сайлануымен құттықтай келіп, қазақстандық-пәкістандық екіжақты парламентаралық ықпалдастықтың одан әрі нығаюына сенім білдірді.
Осы ретте Қ. Жақыпов екі елдің қазіргі заманғы өзекті сұрақтар төңірегінде ұқсас ұстанымдары бар екенін алға тарта келіп, оның БҰҰ, ШЫҰ, ИЫҰ сынды басқа да ұйымдар шеңберінде тиімді өзара іс-қимыл үшін сенімді тірек болатынын атап өтті.
Кездесу иелері сауда-экономикалық байланыс, әсіресе, транзиттік-көліктік, мұнай, энергетика салаларындағы қатынасты дамыту мәселелерін де назардан тыс қалдырмады.
Қабиболла Жақыпов 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдағаны үшін, сондай-ақ, штаб-пәтері Астанада орналасқан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Жарғысына қосылғаны үшін Пәкістандық тарапқа алғыс сезімін білдірді.
Сардар Аяз Садик өз кезегінде Пәкістанның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығын нығайтып жатқанын тілге тиек ете келіп, Мәжіліс Спикерін аталған елге ресми сапармен келуге шақырды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады