- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Қызылордада ферроқорытпа зауытын салу үшін меморандумға қол қойылды (ФОТО)
ИИДМБ: Қызылордада ферроқорытпа зауытын салу үшін меморандумға қол қойылды (ФОТО)
Осы басқосу аясында Қызылорда облысының әкімідігі мен ICMD неміс компаниясы және Қызылорда қаласының әкімдігі арасында «Арнайы және кешенді қорытпа шығаратын ферроқорытпа зауытының құрылысы» мен «Қуаттылығы кемінде 150 МВт газтрубиналық электр станциясы» жобасын жүзеге асыру үшін үшжақты келісімге қол қойылды.
Ортақ келісім негізінде ICMD компаниясы шығарылатын қорытпа өнімінің әлемдік бағасымен, оған қоса кем дегенде 250 АҚШ доллар бағасымен өткізуді мойнына алып отыр.
Бұған дейін зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесін «Байқоңыр» ӘКК дайындаған болатын. Осы жобаны жүзеге асыру үшін корпорацияға Қызылордадағы индустриалдық аймақтан 50 гектар жер берілді.
«Ферроқорытпа зауытының құрылысы 2016 жылы басталады. Қазіргі уақытта Қызылорда облысы қарқынды даму үстінде. Америкалық әріптестермен бірлесіп шыны зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Германиялық инвесторлардың көмегімен үй құрылыс комбинаты бітуге жақындады. Сонымен қатар, машина жасау және ферроқорытпа зауыттарының жобалары дайын. Отандық инвесторлар кальцийленген сода шығаруды қолға алып отыр. Атап өтетін бір мәселе біз қазірден бастап ферроқорытпа зауыты мен басқа да индустриалдық жобаларда жұмыс істейтін кадрларды дайындап жатырмыз. Қызылордалық түлектердің Мәскеу мен Санкт-Петербургтың маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуларына жағдай жасап отырмыз», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
«Жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсетіп отырған Қызылорда облысының әкімдігіне алғыс айтамын. Бұл өте үлкен және маңызды жоба. Оның екінші кезеңінде зауытты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қуаттылығы кемінде 150 МВт газтрубиналық электр станциясы салынады. Бұл сияқты ірі жобалардың электр шығындары да ауқымды», - деді ICMD неміс компаниясының бас директоры Юрген Хайн.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді