- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы мәдени бағдарламаны дайындау және өткізу мәселелеріне арналған кеңес өткізді
Мемлекеттік хатшы ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы мәдени бағдарламаны дайындау және өткізу мәселелеріне арналған кеңес өткізді
Кеңес жұмысына Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ өкілдері қатысты.
Мемлекеттік хатшы өз сөзінде халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің басты мақсатының бірі – еліміздің жаңа ғылыми-техникалық жетістіктері мен жаһандық ауқымдағы даму перспективаларын кеңінен көрсетумен қатар, Қазақстанның басты байлығы – бірегей мәдениет пен көпұлтты халқымыздың дәстүрін насихаттау екенін атап көрсетті.
Кеңесте мәдениет және спорт вице-министрі Ғ.Ахмедияровтың, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаевтың, «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Пірметовтің ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу аясындағы мәдени бағдарламаны дайындау және ұйымдастыру барысы туралы ақпараттары тыңдалды.
Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Астана ЭКСПО-2017 ҰҚ» акционерлік қоғамы бірлесе отырып, Қазақстанның тарихын, мәдениетін және дәстүрін паш ететін мәдени-көріністік іс-шараларды қамтитын кешенді бағдарлама әзірледі.
Кешенді бағдарлама жобасында Ұлы Дала Елінің мәдениет пен өнердегі жетістіктерін кеңінен насихаттау мақсатында түрлі жанрлық бағыттарды қамтитын республикалық және өңірлік озық шығармашылық ұжымдардың, мәдениет ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстанның өнер шеберлері мен талантты жастарының қатысуымен мәдени іс-шаралар өткізу көзделген.
«ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуі барысында түрлі санаттағы қонақтар, әсіресе алыс және жақын шет елдерден келушілер қазақтың мәдениетімен, бірінші кезекте оның дәстүрімен танысуға қызығушылық танытады. Осылайша, қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті Қазақстанның жағымды бейнесін қалыптастыруға және еліміздің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған имидждік жобаға айналады.
Мемлекеттік хатшы кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар