- Басты
- Жаңалықтар
- «Іле» полигонында әскери қызметшілердің оқу-жауынгерлік оқ атулары өрістетілді
«Іле» полигонында әскери қызметшілердің оқу-жауынгерлік оқ атулары өрістетілді
Бұл күні атыс даярлығы деңгейінің тексерісіне Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жергілікті әскери басқару органдары жеке құрамының 100%-ы тартылды. Сабақ барысында офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер оқу және бақылау атыстарының жаттығуларын орындап, Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан оқ атуда өздерінің шеберліктерін паш етті.
Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде айтқандай, әскери қызметшілер өткен жылмен салыстырғанда шеберлік пен кәсіби дағдының ұлғайған деңгейін көрсетті, Бұл нәтижеге штаттық қарудан оқ ату бойынша сабақтардың жиі өткізілгендігінің арқасында қол жеткізілді. Оқу-жауынгерлік оқ атулар 2015 оқу жылы бойынша әскерлердің қорытынды тексерісінің бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні ҚР ҚК-де қорытынды тексерістің екінші кезеңі өтіп жатқанын айта кетейік.
Қарашаның соңына дейін еліміздің солтүстігінде, батысында, шығысы мен оңтүстігінде орналасқан қазақстандық армияның барлық бөлімдері мен құрамаларының әскери қызметшілері жауынгерлік машиналарды жүргізу, дене, атыс, мемлекеттік-құқықтық және даярлықтың өзге де түрлерінен қорытынды сынақ тапсыруға тартылады. Негізгі оқыту пәндері бойынша әскери қызметшілердің жеке дара дайындығымен қатар қорытынды тексеру шеңберінде оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында бүтін бөлімшелердің үйлесімділігі де бағаланады. Дабыл бойынша кенеттен көтеру, белгіленген аудандарға шығу, практикалық оқ атуларды орындау, тактикалық оқу-жатығуларды өткізу, сондай-ақ жауынгерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету іс-шаралары.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті