- Басты
- Жаңалықтар
- Арыс қаласы жыл соңына дейін 100 % ауыз сумен қамтылады – әкімдік
Арыс қаласы жыл соңына дейін 100 % ауыз сумен қамтылады – әкімдік
Бүгіннің өзінде Арыс қаласында атқарылған жұмыстар ауқымды. Мәселен, биыл 6 білім ордасы нысандарының құрылысы жүрсе, 9 мектеп пен 1 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 19 576 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріліп, қалалық мәдениет үйі қайта жаңғыртудан өтті. Ел игілігіне берілген нысандардың қатарында жаңадан салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешені де бар.
Сондай-ақ, қалада жыл басынан бері 25 көше, яғни 24,7 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Оның ішінде келер жылға өтпелі 5 көшеге бүгінгі таңда жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, кеңейіп, аяқжолдармен қамтамасыз етілуде. Ал қаладағы 4 саябаққа абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көшелер жарықтандырылып, суағарлар қойылуда.
Баспасөз мәслихатында қала әкімі С.Ертай 10 айда 8 млрд. 200 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілгенін, индустрияландыру картасы аясында бидай, ет және сүт өнімдерін өндіретін 3 жоба жыл соңына дейін іске қосылып, нәтижесінде жүзге жуық жаңа жұмыс орыны ашылу көзделіп жатқанын айтты. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдары 8 мың тұрғыны бар «Отырар», «Наурыз», «Оңтүстік» елді мекендеріне инфрақұрылым жүргізілетін болады. 40 мыңнан астам қала тұрғындары жыл соңына дейін 100% таза ауыз сумен қамтылатын болады. Жалпы Арыста 70 мыңнан астам халық бар.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар