ИИДМБ: Қызылорда облысында биыл 2,6 млрд теңгенің 6 жобасы жүзеге асырылуда

26 Қараша, 2015 10:48
Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Қызылордада жалпы құны 142,2 млрд. теңгені құрайтын 37 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, соның 36-сы өңірлік индустрияландыру картасына енген. Қызылорда қаласында шыны шығару және өңдеу зауытын салу жобасы республикалық индустрияландыру картасынан орын тапты. Құны – 36,7 млрд.теңге. 

Биыл 2,6 млрд. теңгенің 6 жобасын іске қосып, 280 адамды жұмыспен қамту көзделуде. Бүгінде соның 4-еуі қолданыста. Олар – құрама жем, керамикалық, күйдірілген кірпіштер зауыттары және жарықтандыру шамдарын құрастыру өндірісі. 

 

Барлық жаңалықтар