- Басты
- Жаңалықтар
- Сыртқы істер министрлігінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған кітап көрмесі ашылды
Сыртқы істер министрлігінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған кітап көрмесі ашылды
Көрмеге Қазақстан Республикасы елшіліктерінің шетелде әртүрлі уақыт аралығында көптеген әлем тілдерінде басып шығарылған кітаптары, журналдары мен фотоматериалдары қойылды. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың – қытай, араб, ағылшын, неміс, француз, испан, моңғол тілдеріндегі, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің тілдеріндегі еңбектері.
Тәуелсіздік алғаннан бері Мемлекет басшысының еңбектері әлемнің 59 елінде 41 шетел тілде жарияланды.
Экспозицияның едәуір бөлігі Қазақстанға, Ұлт көшбасшысына,
сондай-ақ оның еліміздің қалыптасуы және дамуындағы рөлі мен маңызына арналған. Осы жылы Ресей және Ұлыбританияда жарияланған кітаптар, оның ішінде «Созидатель: Нурсултан Назарбаев. Взгляд из России» (кітапқа алдыңғы қатарлы ресейлік публицистердің, шолушылардың, халықаралық тілшілердің очерктері, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ірі саясаткерлердің сөздері мен ойлары енген), «По ком звенит ядерный колокол?» (жаһандық ядролық қауіпсіздік саласындағы Мемлекет басшысының бастамалары туралы кітап), «Leadership Perspectives»
(ҚР Президентінің халықаралық саясат, институционалдық реформалар, Қазақстанның жаңғыруы және экономикалық дамуы жөніндегі өзекті проблемалары туралы сөздері мен баяндамаларының жинағы) және «Бітімгер» (Украинадағы қақтығысты реттеуге бағытталған біздің Мемлекет басшымыздың қарқынды қызметінің тікелей куәгері болған Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Нұрлан Онжановтың кітабы) ерекше қызығушылық туғызады.
3 желтоқсанға дейін жұмыс жасайтын көрмеге барлығы 200 кітап қойылған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер