- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚР мен ЕО арасындағы сот-құқықтық ынтымақтастық мәселесі талқыланды
Астанада ҚР мен ЕО арасындағы сот-құқықтық ынтымақтастық мәселесі талқыланды
Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, Еуропалық Одақ делегациясы, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің, Еуропаның бірқатар елдерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты, деп хабарлады Бас прокуратура.
Отырыс барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сот-құқықтық саласында халықаралық ынтымақтастықтың, сондай-ақ орталық-азиялық аймақ пен Еуропа елдерінің арасында тәжірибемен алмасу мәселелерінде практикалық ықпалдастықты нығайтудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Отырысты ашқан Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель құқықтық салада Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әрекеттестіктің серпінді және ілгері дамып отырғанын атап өтті. Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы серіктестік стратегиясы аясындағы бірлескен жұмыс екіжақты ынтымақтастыққа, атап айтқанда, құқықтық және сот жүйесін жетілдіру саласына, құқықтың үстемдігі және адам құқықтары саласына оң әсерін тигізуде.
Отырыстың күн тәртібінің негізгі тақырыптары заң үстемдігі, сот жүйесін басқару мен реформалау, көші-қон және шекараларды басқару, есірткі заттарының заңсыз айналымы, ақшаны жылыстатумен, сыбайлас жемқорлықпен және терроризммен күрес мәселелері болды.
Сондай-ақ, Орталық Азиядағы заң үстемдігі бойынша Еуропалық Одақтың бастамасын, Орталық Азиядағы көші-қон және шекараларды басқару бағдарламасын имплементациялау, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында азаматтардың жүріп-тұруы, мигранттардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері көтерілді. Еуропалық Комиссия мен Қазақстанның есірткі трафигіне қарсы күресте қабылдап отыраған шаралары талқыланды.
Тараптар отырыстың нәтижелері мен пікір алмасуға ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты нығайту мен арттыру қажеттігін атап көрсетті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері