- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда алғаш рет жер қойнауын пайдалану құқын беретін аукцион өтеді – ИДМ
Қазақстанда алғаш рет жер қойнауын пайдалану құқын беретін аукцион өтеді – ИДМ
Өткен жылы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға тиісті өзгерістер енгізілді.
Аукцион арқылы жер қойнауын пайдалану құқын беру кезінде жеңімпазды анықтаудың негізгі өлшемі қатысушы ұсынған қол қойылатын бонус құнының мейлінше үлкен болуына байланысты. Ал басқа талаптар бәсекелесті сауданы өткізу туралы хабарламада толығымен көрсетілген және барлық қатысушыларға ортақ болып табылады. Бұл аукцион мемлекетке инвестиция тартуға мүмкіндік береді және аукционға қатысушылардан барынша мол қаржы түседі және қол қойылатын бонустан түсетін қаржы барынша еселенеді, жеңімпазды анықтаудың ашықтығын қамтамасыз етеді.
Жер қойнауы туралы Заңда аукционды өткізудің мерзімі және кезеңдері қатаң шектелген. Бұл бәсекелесті сауда қорытындыларын жариялауды ешбір себепсіз кешіктіруге жол бермейді.
Аукционға қойылған қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауы учаскелерінің тізімі (көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды және көмір мен уранды қоспағанда) ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 26.06.2015 жылғы № 724 бұйрығымен бекітілген.
Барлығы 100 жер қойнауы учаскесі бекітілген, оның ішінде 27-і өндіруге және 73-і барлауға.
Аукционға қатысуға өтініштер қабылдау 2015 жылдың 1 қазанында аяқталды. Оның қорытындысы бойынша аукционға барлығы 190 өтініш қатысады.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады