- Басты
- Жаңалықтар
- ИЫҰ мүше елдер сауда-экономикалық, ынтымақтастық туралы бас келісімге қол қойды
ИЫҰ мүше елдер сауда-экономикалық, ынтымақтастық туралы бас келісімге қол қойды
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Экономикалық және сауда ынтымақтастығы бойынша тұрақты комитетінің 31-отырысы (КОМСЕК) Түркия Президенті Реджеп Эрдоган мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Бас хатшысы Ийяд Маданидың төрағалығымен өтті.
КОМСЕК Министрлер сессиясының қорытындысы бойынша Ерболат Досаев Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімге қол қойды. Бас келісім Ислам Ынтымақтастығы Ұйымға (ИЫҰ) мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын реттейтін басты құжаттардың бірі.
Ерболат Досаев: «Қазақстанның келісімге қосылуы ИЫҰ елдерімен тығыз әріптестік қатынастарды дамытуға серпініс береді, исламдық қаржы және экономикалық институттармен ынтымақтастықты белсендетеді, Қазақстан Республикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдеседі», - деп айтты.
Сондай-ақ, отырыстың қатысушылары Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылық бойынша ИЫҰ Министрлері Конференциясының 7 сессиясымен бірге Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымының Бас Ассамблеясының І сессиясына дайындығын талқылады. Алдын ала мәліметтер бойынша оның өткізілуі Астанада 2016 жылғы сәуір айына жоспарланған.
Қазақстан Үкіметі және Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымының отырысы шеңберінде Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымының отырысы құқықтық статусы туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр.
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы құрамына 57 мұсылман мемлекеті кіретін ірі халықаралық ұйым болып табылады.
Жыл сайын өткізілетін КОМСЕК отырыстары ИЫҰ кеңістігінде сауданы дамыту, өнеркәсіпті, көлікті, туризм және ауыл шаруашылығын қолдау бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылатын сұхбат алаңы болып табылады.
Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымының жарғысына 23 ел қол қойған (Джибути, Судан, Сомали, Комор аралдарының Одағы, Палестина, Мавритания, Уганда, Буркина-Фасо, Сьерра-Леоне, Гамбия, Гвинея, Гвинея-Биссау, Мали, Нигер, Афганистан, Иран, Түркия, Суринаме, Қазақстан, Ливия Араб Республикасы, Бірікке Араб Әмірлігі, Бенин Республикасы, Сауд Арабия Корольдігі).
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет