- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери теңізшілер қысқы пайдалану режіміне көшті (ФОТО)
Әскери теңізшілер қысқы пайдалану режіміне көшті (ФОТО)
Каспий теңізінің солтүстік бөлігі қысқа уақытта қатып қалады және онда навигация тоқтатылады. Осыған байланысты, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің гидрографиялық қызметі «Жайық» гидрографиялық кемесімен буйлар мен межелерді - жүзбелі сақтандырғыш белгілерді алып тастау бойынша ұйымдастыру іс-шараларын өткізді.
Межелер мен буйлар қауіпті, теңіз арналарын, фарватерлерді, ұсынылған бағыттарды, сондай-ақ күндізгі және түнгі уақытта теңізде жекелеген навигациялық қауіптерді тікелей қоршауға алу үшін арналған. Буй мен меженің пайдаланылу кезеңі теңіз мұз буйларын есептемегенде навигацияның ашылуынан бастап оның жабылуына дейін екенін атап өтейік.
Олардың пайдаланылу кезеңі – жыл бойы. Одан басқа, аталған буйлар мен межелер Орал қаласындағы «Гидроприбор ҒЗИ» АҚ отандық кәсіпорнында дайындалғанын айта кету қажет. Каспийде алдағы қысқы кезеңге Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік корабльдерін де дайындап қойғанын естеріңізге сала кетейік. Корабльдерді қысқы отынға көшірді, олар үшін жанар-жағармай материалдары әзірленіп те қойылды. Экипаждар қысқы киім-кешек алды, қысқы арнайы киімнің жаңа костюмдері мен үлгілері сынамадан өтті.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Зейнетақы жарналарын пайдалану: 206 мың қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартты -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді -
Зейнетақы жинақтарын пайдалану: алғашқы нәтиже, үй бағасының қымбаттауы, өтінім қабылдамаудың себептері -
ИНФОГРАФИКА: ТМД-да тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші қандай -
Зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш қалай және қайда жіберіледі -
Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану қағидалары қашан күшіне енбек -
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды