- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік қызметке шақырады
Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік қызметке шақырады
Баспасөз жиынына ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары Әсет Байсынов, жазушы, «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Абдулла Есімханов және Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюпов қатысты.
Жиында сөз алған Ә.Байсыновтың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметке 4573 штат бірлігі қаралса, оның 803-і облыстық, 3770-і қала, аудан, ауылдық округ деңгейінде жұмыс істейді. Бүгінгі таңда жергілікті басқару органдарында 296 бос орын бар болса, 1 қаңтардан бастап оған тағы 50 орын қосылады. Сондай-ақ, ол өңірдегі мемлекеттік органдар мен колледждер, жоғары оқу орындарының бірлескен жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде жазушы М.Байғұт тілшілерді өзінің мемлекеттік қызметте жұмыс істеген жылдарындағы үлкен тәжірибесімен бөлісті. Кездесуде А.Есімханов кадр саясатында мамандарды іріктеуді ашық жүргізуге айрықша назар аударылатынын мәлімдеп, «Мемлекеттік қызмет» туралы жаңа заңның кейбір тұстарын түсіндірді. Жиын соңында Шымкент қаласы аппаратының басшысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі және Queen Mary University of London (Ұлыбритания) оқу орнын мемлекеттік басқару ісі бойынша магистрі Р.Аюпов жастарды мемлекеттік қызметке келуге шақырды.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары