• Басты
  • Жаңалықтар
  • ККМ Қазақстанның 7 облысындағы автожолдардың сапасын тексеру жұмыстарын аяқтады

ККМ Қазақстанның 7 облысындағы автожолдардың сапасын тексеру жұмыстарын аяқтады

6 Қараша, 2013 12:22
Автомобиль жолдарының құрылысы мен реконструкция жұмыстарының сапасын тексеретін комиссия Қазақстанның 7 өңірі бойынша тексеру жұмыстарын аяқтады. Тексеру нәтижесінде облыс әкімдіктеріне кейбір жобаларды іске асыру бойынша бірқатар ескертулер берілсе, ал кейбір жобаларды тоқтату туралы шешім шығарылды, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары 2001 жылдан бері жергілікті атқарушы органның қарамағында және оларды жөндеу жұмыстарымен сол  жергілікті атқарушы органның өздері айналысатынын ескере отырып, Комиссия  Көлік және коммуникация министрлігімен республикалық бюджеттен қосымша мақсатты трансферт ретінде бөлінген ақшаға салынған жергілікті  жолдарды ғана тексерді» - деп атап өтті ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Аблалиев.

Тексеру барысында барлығы 82 қала көшелері мен жолдары тексерілді.

Комиссия  жұмысының нәтижесінде облыс әкімдіктеріне барлық ескертулерді жою талап етілген хат жолданды. Бүгінгі күні 95 ескерту  жойылмаған.

Аталған Комиссия құрамына ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитетінің, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ-ның, «ОблЖолЛаборатория» ММ-нің мамандары мен облыс әкімдіктерінің  өкілдері енгенін айтып өткен жөн

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар