• Басты
  • Жиһаз шығаратын отандық компания «Даму» қорының қолдауымен гүлденгенін айтады
25 Қараша, 2015 17:21

Жиһаз шығаратын отандық компания «Даму» қорының қолдауымен гүлденгенін айтады

Біздің компанияның гүлденуінің басты себебі «Даму» қорының қолдауы, себебі 2008 жылдан бастап біз аталмыш ұйымның бағдарламаларымен қолданамыз, деді «PRESTIGE» жиһаз салоны желісінің бас директоры Ирина Беляева Әйелдердің IV Еуразиялық саммиті аясындағы «Нұрлы жол-жаңа мүмкіндіктер» конференциясы барысында.
Жиһаз шығаратын отандық компания «Даму» қорының қолдауымен гүлденгенін айтады

«Бұл жерде  әйелдердің ауқатты тобы жиналды. Олар әйелдер кәсіпкерлігін қолдайтын әр түрлі бағдарламалар туралы айтып жатыр. Оның ішінде біз де «Даму» қорының қолдауымен жетістікке жетіп отырмыз», -деді И.Беляева.

Айта кетерлігі, «PRESTIGE» жиөаз салоны нарықта 15-ші жыл қызмет етіп келеді. Оның жалпы сауда алаңы 12 000 шаршы метрді құрайды. Ақтау мен Жаңаөзенде де бар. Компания бөлшек және көтерме сауданы жүзеге асырады.

«Біз қазір корпустық жиһаз шығарамыз. Бұл ЖІӨ белгілі бір бөлшегі болып табылады. Қазір біздің өнім «Қазақстанда жасалған» емес, «Маңғыстауда жасалған» логотипімен шығарылуда. 2008 жылдан бастап «Даму» бағдарламаларымен қолданамыз», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар