- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Иран сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты белсенділетуде
Қазақстан мен Иран сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты белсенділетуде
Президент Х. Рухани Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі рөлі мен бастамаларын, сондай-ақ Иран ядролық бағдарламасы бойынша Венадағы халықаралық келісімге қол жеткізу үдерісіне қосқан маңызды үлесін жоғары бағалайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар Х.Рухани Ирандағылардың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылдың бірінші жартысында Тегеранға ресми сапармен келуін тағатсыздана күтуде екендігін де атап өтті.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің Иран үкіметі мүшелерімен екіжақты кездесуі сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық және транзиттік-көлік ынтымақтастығын жандандыру сипатында өтті.
Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен сұхбат барысында Иран мен Қазақстан арасындағы саяси саладағы ынтымақтастықтың барынша басым бағыттары қарастырылды, сондай-ақ терроризм мен экстремизмнің таралу қаупіне байланысты өңірлік проблемалар талқыланды. Тараптар алдағы уақытта екіжақты экономикалық ынтымақтастықты жан-жақты кеңейту қажеттігіне, Қазақстан аумағы арқылы Қытайдың теңіз порттарын Парсы шығанағымен сауда-көлік бағытында қосуды көздей отырып, Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржол қатынасының транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді және толық пайдалануға, туристер мен бизнес үшін визалық режимді жеңілдету мүмкіндіктеріне, сондай-ақ Каспий келіссөздері форматындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.
Сыртқы істер министрі Иран тарапына аталған елдің Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы шартты қолдағаны және қол қойғаны үшін ризашылығын білдірді.
ИИР Индустрия, тау-кен өнеркәсібі және сауда министрі Мухаммад Реза Нематзадемен және Мұнай министрі Бижан Занганемен тау-кен өнеркәсібіндегі және саудадағы ынтымақтастық, Иран мен Қазақстан арасындағы теміржол инфрақұрылымдарын, жүк және астық терминалдарын дамыту перспективалары, ауыл шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану және геология, банк саласындағы ынтымақтастықты жолға қою, тікелей авиақатынастарды, оның ішінде екі елдің өңірлері арасындағы қатынастарды кеңейту, мұнай шикізатының SWAP-операцияларын жаңарту және мұнайгаз, мұнайхимия салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.
Иран тарапы Қазақстанның іскер тобын Иран нарығындағы бірқатар жаңа жобаларды бірлесе отырып іске асыруға белсенді түрде қатысуға үндеді.
Жалпы алғанда, сапар қорытындысы бойынша таяу арада сауда-экономикалық, энергетикалық және инвестициялық салалардағы бірқатар практикалық мәселелер бойынша сараптамалық келіссөздер, сондай-ақ Елбасының Иранға сапары қарсаңында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі екіжақты жұмыс тобының кездесулерін өткізу туралы нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары