Қарағандыда «Тіл жанашыры» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

6 Қараша, 2013 11:34
Қарағандының мәдениет үйінде «Тіл жанашыры» конкурсының жеңімпаздары облыс әкімінің сыйлығымен марапатталды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сайысқа әр түрлі ұйым мен этомәдени бірлестіктертің өкілдері, БАҚ, студенттер мен мемлекеттік орган қызметкерлері қатысты», - деп хабарламада нақтыланған.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік тіл-ол ту, елтаңба, әнұран сынды мемлекеттік рәміздер қатарына кіреді. Ол елдің барлық азаматтарын біріктіруге бағытталғандығын үнемі еске салады», - деп облыс әкімі  Бауыржан Әбдішев өз сөзінде айтты.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, аймақта мемлекеттік тілді меңгеруге барлық жағдай жасалған. Ұйымдар мен мекемелерде  курстар ашылуда. Мемлекеттік тілді білу дәрежесіне байланысты әр түрлі сайыстар жиі ұйымдастырылып тұрады.

Конкурстың лауреаттары болып: «Болашақ»  Қарағанды университетінің құрамындағы «Мирас» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Мәуен Хамзин, «Қарағанды тілдер меңгерту орталығының» ұстазы Алмагүл Игенова, «Орталық Қазақстан» облыстық газетінің бөлім меңгерушісі  Жұлдыз Тойбек,  «Индустриальная Караганда» облыстық  газетінің Жезқазғандағы меншікті тілшісі Валентин Шипунов, «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының редакторы Құмар Әділбек  шешілді.  

Барлық жаңалықтар