- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 260 млрд теңгеге кәсіпкер әйелдердің 2,4 мың жобасына қолдау көрсетілді
Қазақстанда 260 млрд теңгеге кәсіпкер әйелдердің 2,4 мың жобасына қолдау көрсетілді
«2015 жылдың көктемінде ҚР Үкіметі қабылдаған «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы әйел кәсіпкерлердің бизнесте қарқынды өскенін көрсетті. Осылайша, бағдарлама аясында несие мөлшерлемесін кепілдендіру құралы бойынша әйел кәсіпкерлермен 491 шарт жасалды. Жалпы несие сомасы 17,3 млрд теңге. Бұған қоса, 242,5 млн теңге субсидиялау бойынша 2000 жобаға қол қойылды», - дейді Ләззат Еркінқызы.
Оның айтуынша бұл жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібі, көлік және қойма, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және басқа салалардағы жобаларды қамтиды.
Оның айтуынша, өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде әйел кәсіпкерлер 187,3 млрд теңге көлімінде өнім шығарған. Бюджетке салық ретінде 12,9 млрд теңге құйылып, 3581 жұмыс орны құрылған.
«Менің ойымша, тек әйел кәсіпкерлер басқарған кәсіпорындар Қазақстандағы отбасылық бизнесті дамытудың негізі бола алады. Елде бұл бағыт біртіндеп дамып келеді. Бірақ, соған қарамастан қазірдің өзінде отбасылық бизнестің тамаша үлгілері бар. Бұл қолдап, дамытуды қажет ететін келешегі бар бағыт деп ойлаймын»,-деді «Даму» қорының төрайымы.
Айта кетейік, Астана қаласында өтіп жатқан Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығының 20 жылдық мерейтойына арналған Әйелдердің IV еуразиялық саммитіне 500-ден аса нәзік жанды қатысып жатыр. Олардың 400-ден астамы еліміздің әр өңірінен келіп отыр.
Индира Кауметова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді