• Басты
  • Қ.Жақыпов ТМД ПАА және ҰҚШҰ ПА отырысына қатысады
25 Қараша, 2015 17:09

Қ.Жақыпов ТМД ПАА және ҰҚШҰ ПА отырысына қатысады

26-27 қарашада Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының сегізінші пленарлық отырысы және ТМД Парламентаралық Ассамблеясының қырық үшінші пленарлық отырысы өтеді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қ.Жақыпов ТМД ПАА және ҰҚШҰ ПА отырысына қатысады

Оған Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған Мәжілістің делегация мүшелері қатысады. Мәжіліс депутаттары күн тәртібінде анықталған өзекті сұрақтар жайында, сондай-ақ, ҰҚШҰ форматында ұжымдық және халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі басым бағыттар сөз етілетін халықарылық ғылыми-тәжірибелік конференция төңірегінде пікір алмасады.

Іс-сапар барысында Мәжіліс Спикерінің ТМД ПАА құрамына кіретін ұлттық парламенттер төрағаларымен екіжақты кездесулері жоспарланған. 

Барлық жаңалықтар