• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысының барлық дәрежедегі әкімдері Президенттің сынынан кейін сөгіс алды

Қарағанды облысының барлық дәрежедегі әкімдері Президенттің сынынан кейін сөгіс алды

6 Қараша, 2013 11:13
Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев селекторлық отырысын өткізіп, Мемлекет басшысының 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік орган қызметкерлерінің жұмысына қатысты айтқан сынынан кейін тиісінше шешімдер қабылдап, бірқатар жауапты қызметкерлерді жазалады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Сонымен төмендегі лауазымды қызмет иелеріне сөгіс  берілді: Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғабит Мұхамбетов пен облыс әкімі орынбасары Әнуар Ахметжановқа («ҚазАвиаСпектр» зауыты өндірісін ұйымдастыруда қанағаттанарлықсыз жұмысы үшін), облыс әкімі Сабырғали  Ыдырысовке (тұрғын үй мен әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандардағы жылу беру бойынша жалпы үйлік қондырғы орнатуды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын міндетті бақылау мен басқарудың жоқтығы үшін), Қаражал қаласы әкімі Қайрат Шорманбаев пен Ұлытау ауданының  әкімі Хамит Омаровқа («Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несие бойынша пайыздық ставканы субсидиялаудағы қанағатсызданарлық жұмысы үшін және өңірде тиісті жобалардың жоқтығы үшін), 16.01.2012-28.06.2013 аралығында Қарағанды қаласы әкімінің кәсіпкерлік бойынша орынбасары қызметінде болған Абай ауданы әкімі Алтай Елжасовқа (Абай ауданындағы тұрғын үй мен әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандардағы жылу беру бойынша жалпыүйлік қондырғы орнатуды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын міндетті бақылау мен басқарудың жоқтығы үшін, тұрғын үй мен әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандардағы жылу беру бойынша жалпыүйлік қондырғы орнатуды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын міндетті бақылау мен басқарудың жоқтығы үшін), Шахтинск қаласы әкімі Александр Аглиулинге (тұрғын үй мен әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандардағы жылу беру бойынша жалпыүйлік қондырғы орнатуды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын міндетті бақылау мен басқарудың жоқтығы үшін), Қарқаралы ауданы әкімі Қалел Мақсұтовқа (2013 жылдың 13-інші қыркүйегіндегі аудан мен қала әкімдері жиналысында облыс әкімі берген тапсырманы орындамағаны үшін)», - делінген хабарламада.

Приозерск қаласының  әкімі Қайрат Хамзинге тұрғын үй мен әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандардағы жылу беру бойынша жалпыүйлік қондырғы орнатуды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын міндетті бақылау мен басқарудың жоқтығы үшін және 2013 жылдың 13-інші қыркүйегіндегі аудан мен қала әкімдері жиналысында облыс әкімі берген тапсырманы орындамағаны үшін қатаң сөгіс берілді.

Ал Балқаш қаласы әкімі Нұрлан Әубәкіров, Сатпаев қаласы әкімі Әнуар Омаров пен Теміртау қаласы әкімі Нүркен Сұлтановтар ескерту алумен шектелді.

Бірқатар шенеуніктер «ҚазАвиаСпектр» зауыты өндірісін ұйымдастыруда қанағаттанарлықсыз жұмысы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Бауыржан Әбдішев жоғарыда аты аталған қала мен аудан әкімдерінің барлығына орынбасарларын, өзге де қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартуды және тәртіптік жазалауды тапсырды.

 

Барлық жаңалықтар