- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда үш тілді білім берудің жол картасы аясында 2400 педагог оқытылады
Қазақстанда үш тілді білім берудің жол картасы аясында 2400 педагог оқытылады
«Қазақстанда үш тілді білім берудің жол картасы аясында 2400 педагог оқытылады. 2017-2018 жылдағы оқу жылынан бастап 5 сыныпқа көшкен оқушылар кей пәндерді ағылшын тілінде оқитын болады. Өйткені, 2013 жылы олар бірінші сыныпқа келген кезде ағылшын тілінде білім беру қолға алынған еді. Міне, осылай жоғары сыныптарды ағылшын тілінде оқытуға дайындық басталған болатын. Енді жоғары сыныптарда физика, химия, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде өтеді. Сонымен бірге, 5 сыныптан бастап ағылшын тілінде аталған төрт жаратылыстану пәні бойынша терминология оқытылады», - деді ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша, тілді үйрету мақсатында «Болашақ» бағдарламасының түлектері шақырылатын болады.
«Біз «Болашақ» бағдарламасымен бітіріп келген педагогика саласының мамандарын да тартпақшымыз. Негізінде, Назарбаев мектептерінің электронды базасындағы методикалық комплексте тіл үйрету курстары, сабақ жоспарлары, пәнге қатысты барлық материалдар үш тілде енгізілген еді. Олар осы бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Енді бұған еліміздің басқа мектептері де қосылатын болады. Сондай-ақ, 5 сыныптан бастап сананы қалыптастыру үшін де арнайы пән енгізіледі», - деді ол.
Сонымен бірге, жазғы демалыстарда оқушыларға тілдік курстар жүретін болады. Оларды еліміздің тілдерді оқытатын жоғары оқу орындарының студенттері оқытады деді ол.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді