ЕҚДБ Қазақстандағы әйел кәсіпкерлігін дамыту үшін 50 млн доллар бөледі

25 Қараша, 2015 12:53
Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы әйелдер ШОБ-ін дамытуға 50 млн доллар бөледі. Банк «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасын іске қосады. Қазақстан Орта Азия бойынша ЕҚДБ қосқан алғашқы ел болып отыр. Бұл туралы Астанадағы Әйелдердің IV Еуразиялық саммитінде ЕҚДБ басқарушы директоры, Ұлыбритания ШОК дамыту және қаржыландыру тобының директоры Клаудио Виецолле мәлімдеді.

«Қазақстанда ШОБ-ті дамытудың әлеуеті жоғары, оның ішінде әйелдер басқаратын ШОБ та бар, сондықтан аталмыш бағдарламаны іске қостық. Қазақстан Орта Азия бойынша ЕҚДБ қосқан алғашқы ел болып отыр», - деді ол.

Басқарушы  директордың айтуынша бағдарламада әр түрлі қосымшалар ықпалдасқан.

Еуразиялық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы  әйелдер ШОБ-ін дамытуға 50 млн доллар бөледі.

«Бөлінген қаржымен қоса, біз банк ұсынатын техникалық көмекті де қолданамыз», - деді ол.

Клаудио Виецолле  атап өткендей, ЕҚДБ Қазақстандағы ең ірі инвестор болып саналады.

«Қазақстан біз жұмыс істейтін екінші ірі ел болып саналады. ЕҚДБ құрамында 36 ел бар. Бізде Қазақстанда үлкен топ жұмыс істейді. Жыл соңына дейін 1 млрд доллар инвестицияға жетеміз», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар