- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан экономикасы мен сыртқы саясатының ерекшеліктері Израиль Кнессетінде талқыланды
Қазақстан экономикасы мен сыртқы саясатының ерекшеліктері Израиль Кнессетінде талқыланды
Кездесу барысында екіжақты парламентаралық ынтымақтастық мәселелері, екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы ерекше аталып өтті.
Д. Қуанышев Кнессет спикерін Қазақстанның ағымдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, елдің Орталық Азияда қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық өзара іс-қимыл мен диалогқа деген көзқарасы мен басымдықтары туралы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген реформалар, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары мен Қазақстанның басқа да бастамалары туралы хабардар етті.
Әңгіме барысында Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық мәселелері талқыланды. Екі елдің бизнес-құрылымдарының өзара іс-қимыл жасауы туралы айта отырып, Израиль спикері даму үшін үлкен әлеует пен жақсы мүмкіндіктердің бар екені туралы атап өтті.
Й. Эдельштейн Израильдің Қазақстанмен жылы достық қарым-қатынастарды сақтап қалуға жоғары мүдделілік танытатынын айтып, оның өңірдегі ерекше әсерін атап көрсетті. Ол Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді рөліне және әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.
Кнессет Спикері әртүрлі тарихи кезеңдерде еврейлерге көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан халқына ілтипат білдірді. Ол Израильдің көптеген отбасыларында Қазақстанмен байланыстыратын жеке бір оқиғалары бар екенін, бұны олар әрдайым құрметпен есте сақтайтындықтарын айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды