- Басты
- Жаңалықтар
- Румыния парламентшілері Президент Н. Назарбаевтың Ұлт жоспарын жоғары бағалады
Румыния парламентшілері Президент Н. Назарбаевтың Ұлт жоспарын жоғары бағалады
Іс-шараға Румынияның Парламенті депутаттары, академиялық, ғылыми және қоғамдық топтар өкілдері қатысты.
Қазақстанның Елшісі Дәулет Батырашев конференция қатысушыларын Қазақстанның қазіргі кездегі сындарға жауабы болып табылатын және еліміздің барлық салалардағы дамудың жаңа сатыға шығаруды көздейтін бес институционалды реформалардың басты қағидаларымен таныстырды.
Іс-шара қатысушылары Қазақстан өткізетін реформаларға жоғары баға беріп, олардың уақыттылығы мен өзектілігін айтып өтті. Атап айтқанда, Парламент Сенатының Экономика және өнеркәсіп комитетінің төрағасы Назаре Еуджен Цапу өзінің сәлемдеме сөзінде Қазақстанның стратегиялық көрегендігі, оның индустрия мен инновациялар саласындағы іске асырылатын бағдарламалары, жаңа технологияларды тартуы және өзінің көліктік-транзиттік әлеуетін дамытуы үлкен әсер қалдыруда.
Оның пікірінше, осындай экономикалық саясат қазіргі замандағы мемлекеттің орнықты дамудың кепілі болып табылады. Қазақстан экономикасының кейінгі жаңғыртуы мен өткізілетін реформалары, нәтижесінде Румыниямен ынтымақтастықтың ұлғаюына мен тауар айналымының өсуіне септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.
Сенат Төрағасының орынбасары Иоан Челару Қазақстан өткізетін реформаларының батылдығы мен Қазақстан басшылығының көрегендігін атап өтті. Еліміздің қазіргі кездегі дамуы мен ҚР ұлтаралық келісімнің бірегейлі моделін жоғары бағалап, елімізде тұрып жатқан румын диаспорасының мәдени ерекшелігі мен тілін сақтауға байланысты Қазақстан басшылығына алғысын білдірді.
Парламент Депутаттар Палатасының вице-спикері Флорин Иордаке Румыния мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуын айрықша атап өтіп, екі елдің парламентаралық ынтымақтастығының белсендіру қажеттігін қолдады. Сондай-ақ, румындық саясаткер өзінше моделі болатын қазақстандық реформаларды Румынияның академиялық қауымдастығымен қарастырылуы қажет деп пайымдады.
Іс-шара барысында қазақстандық дипломат қатысушыларға Қазақстанның халықаралық бастамалары, соның ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында жарияланған бастамалары туралы айтып, Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға және келуге шақырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады