• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысында 2013 жылдың 1 қарашасы бойынша банктердің несиелік салымдары 18 пайызға көтерілді

Қостанай облысында 2013 жылдың 1 қарашасы бойынша банктердің несиелік салымдары 18 пайызға көтерілді

6 Қараша, 2013 10:37
2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыс банктерінің несиелік салымдарының көлемі 241 млрд. теңгені құрады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жыл басынан бастап 18%, ал өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28% ұлғайды», - деп хабарламада нақтыланған.      

Қостанай облысының шағын бизнесіне 2013 жылдың 10 айына, 2012 жылдың ұқсас кезеңі көлемінен 30% артық, 38 млрд.теңге сомасына несие берілді.

Қостанай облысында 2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің 18 филиалы, қосымша ғимараттар желісінің 110 бірлігі, оның ішінде қалаларда – 83 (47 – Қостанайда), ауылдық жерде – 27 жұмыс жасайды.

ҚР Ұлттық банкінің статистикалық мәліметтері бойынша облыс банктеріндегі депозиттардың жалпы көлемі 2013 жылдың 1 қарашасына        125 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде жыл басынан бастап - 8%, ал өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда - 16% тұрақты өсуді көрсететін 108 млрд. теңге немесе 86% халықтың салымдары.  

Барлық жаңалықтар