• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Назарбаева ҚР-ның барлық іскер әйелдерін әлеуметтік инфрақұрылымды жекешелендіруге қатысуға шақырды

Д.Назарбаева ҚР-ның барлық іскер әйелдерін әлеуметтік инфрақұрылымды жекешелендіруге қатысуға шақырды

25 Қараша, 2015 11:23
Жекешелендіруге қатысыңыздар. Әсіресе, мемлекетпен әлеуметтік салада ынтымақтасуға шақырамын, деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Әйелдердің IV Еуразиялық саммиті барысында.

«Қазақстанда жекешелендірудің екінші толқыны жарияланды. 1990 жылдары  айтарлықтай әйелдер бизнесі болған жоқ. Жекешелендіруге қатысу мүмкіндіктері болған жоқ. Сондықтан, осы үрдіске қатысуға шақырамын», - деді Д.Назарбаева.

Ол атап өткендей, «бүгін әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мемлекетсіздендіруге жатқызылады: балабақшалар, ауруханалар, емханалар, мектептер және т.б».

«Әйелдер кәсіпкерлерінің қауымдастығы біріксе, олар ірі өндірістік жекешелендіруге қатыса алады», - деді Д.Назарбаева.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар