• Басты
  • Г.Әбдіқалықова: «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру әйелдер белсенділігін қажет етеді
25 Қараша, 2015 11:09

Г.Әбдіқалықова: «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру әйелдер белсенділігін қажет етеді

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру әйелдер белсенділігін қажет етеді, деді Астанадағы Әйелдердің IV Еуразиялық саммиті барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова.
Г.Әбдіқалықова: «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру әйелдер белсенділігін қажет етеді

«Бүгінгі саммит жаһандық экономиканың күрделі өтпелі кезеңінде болып отыр. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев атап өткендей, 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан да күрделі  дағдарыс келе жатыр. Заманауи сынақтарға жауап ретінде 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Елдің белсенді халқының 48 пайызы әйелдер екенін ескерсек, 4,4 млн адам бағдарламаның жүзеге асуына әсер ете алады», - деді Мемхатшы.

Ол атап өткендей, бағдарлама аясында 395 мың жұмыс орнын құру жоспарланған. Аталмыш бағытта кәсіпкерлік саласына аса мән берілген. Осы мақсатта 2015 жылы Ұлттық қордан 100 млрд теңге бөлінді.

«Бүгінде шағын және орта бизнестің 42 пайызын әйелдер басқарып отыр. Оның ішінде 1,2 млн жеке кәсіпкердің 600 мыңы әйелдерден тұрады», - деді Г.Әбдіқалықова.

Айта кетейік, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы – елдің тұңғыш әйелдер ұйымы. Бүгінде Қауымдастық 15 мың әйелдің басын біріктіріп отыр. 20 жыл ішінде Қауымдастық жүздеген әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асырды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар