- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА: Көкшетауда Қазақстан кәрістер қауымдастығының 25 жылдығы мерекеленуде (ФОТО)
ҚХА: Көкшетауда Қазақстан кәрістер қауымдастығының 25 жылдығы мерекеленуде (ФОТО)
Өткен ғасырдың отызыншы жылдары кәріс ұлтының бір бөлігі Қазақстанға жер аударылған болатын. Қазақ халқының сол кезде жасаған жақсылығын кәрістер ешқашан ұмытпайды.
Бұл туралы жиында алғаш құттықтау сөз алған «Чинсон» корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Людмила Лим айтып берді. Людмила Лим орталық белсенділерін алғыс хаттармен марапаттап, еңбектеріне зор алғысын білдірді. Сонымен қатар «Чинсон» мәдени орталығын мерекесімен құттықтап, өзге де ұжымдар келді. Мерейтой иелерінен шешен-инғұш этномәдени орталығы, татар-башқұрт этномәдени орталығы, армян, орыс қауымдастығы, поляк этномәдени бірлестігі де өз құттықтауларын жолдап, ризашылықтарын білдірді.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанынан құрылған Аналар кеңесінің төрайымы Зере Еспайқызы қазақы дәстүрмен Людмила Лимға қамзол кигізіп, жұмысына жеміс тіледі. Бұл кеште кәріс қауымдастығының құрылуына зор үлес қосып, еңбек сіңірген Моисей Чжен туралы да аз айтылмады. Әріптестері ол кісі жайлы естеліктерімен бөлісіп, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Киіков оның ел алдындағы, қоғам алдындағы ерен еңбегін айтып, еске алды.
Қазақстан кәрістер ассоциациясының құрылғанынан бастап бас-аяғында жүрген ардагері Жанар Цой өз сөзінде «Сонау қиын жылдарда Қазақстан жер аударылып келген көптеген ұлт өкілдеріне пана болып, олардың аман қалып, өсіп-өркендеуіне жағдай жасады. Қазақ халқының қонақжай пейілі мен кеңдігінің шапағатын көрген халықтардың ішінде кәрістер де бар.
Кәріс халқы - ежелден өзінің еңбекқорлығымен, табандылығымен аты шыққан жұрт. Сондықтан құнарлы қазақ топырағында қазақтан жақсылық көрген бауырларымыз тамырын тереңге жіберіп, мәуелі бәйтерекке айналды. Ел өмірінің барлық саласына белсене араласуда. Қазақ еліндегі ұлтаралық және дінаралық татулықтың тамыры тереңде және одан сайын беки түседі деп ойлаймын», деді ол.
Бүгінгі таңда Достық үйінде «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебі жемісті жұмыс істеп жатыр. Бұл жерде онға жуық түрлі ұлт пен ұлыстың тілі мен мәдениетін меңгеруге болады. Кәріс тілі сабағына 50-ден астам бала қатысып, тіл үйренуге құлшыныс білдіріп жүр. Оның ішінде тек кәрістер ғана емес, сонымен қатар орысы да, қазағы да, татар мен шешен, пояктар бар. Бүгінгі мерекелік іс-шарада аталмыш мектептің оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, ән шырқап, би билеп жиналғандарды бір серпілтіп тастады.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» мекемесі де кәріс ассоциациясын мерейтойымен құттықтап, оның бірқатар белсенді мүшесіне алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы