• Басты
  • Ереванда ЕАЭО елдері жұмыскерлерінің зейнетақы құқықтарының қорғалуы талқыланды
26 Қараша, 2015 08:36

Ереванда ЕАЭО елдері жұмыскерлерінің зейнетақы құқықтарының қорғалуы талқыланды

ЕЭК ЕАЭО мүше мемлекеттерінің жұмыскерлерін әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы құқықтарының қорғалуы, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметтерінің мәселелері жөніндегі Консультативтік комитеттің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.
Ереванда ЕАЭО елдері  жұмыскерлерінің зейнетақы құқықтарының қорғалуы талқыланды

Ереванда  Еуразиялық экономикалық комиссиясы Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) мүше мемлекеттерінің жұмыскерлерін әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы құқықтарының қорғалуы, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметтерінің мәселелері жөніндегі Консультативтік комитеттің алғашқы отырысы өтті.

Іс-шарада салалық уәкілетті министрліктер мен ведомстволардың, ЕЭО елдерінің әлеуметтік сақтандыру қорларының өкілдері, ЕЭК өкілдері қатысты.

Отырыс барысында мәселелердің кең ауқымы, әсіресе, ЕЭО мүше мемлекеттерінің жұмыскерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Шарт жобасымен жұмыс жасау мәселелері қаралатын болады. ЕЭК Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы отырысында шарт жобасын талқылаудың қорытындылары бойынша Комиссия Алқасына және ЕЭО мүше мемлекеттерінің Үкіметтеріне бұл құжатпен жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Одақ елдерінде ЕЭО туралы Шарттың №30 Қосымшасына сәйкес мүше мемлекеттердегі жұмыскерлерге және олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету тәртібінің іске асырылуы туралы ақпарат ұсынылатын болады. Сонымен қатар, КК құзыреті саласындағы мынадай мәселелерді талқылау жоспарланып отыр:Ресей Федерациясында еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Одақ елдерінің азаматтарына міндетті медициналық сақтандыру (ММС) ұсыну туралы;мүше мемлекеттердің жұмыскерлерін өндірістегі қайғылы оқиғалардан және кәсіби дерттерден міндетті сақтандыру туралы;мүше мемлекеттердің жұмыскерлеріне әлеуметтік қамсыздандыру, еңбекпен қамту, білім беру, медициналық көмек көрсету және табыстарына салық салу салаларындағы ЕЭО туралы Шарты ережелерінің Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасында орындалуы туралы;мүгедек жандарды техникалық құралдармен қамтамасыз ету және азаматтардың жеңілдікті санаттарындағы тұлғаларын санаториялық-шипажайлық емдеумен және емделу орнына баруға және кері қайтуға тегін жолақымен қамтамасыз ету туралы;РФ-да спорт саласында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматтарға қатысты белгіленетін шектеулер туралы (Спорттағы легионерлер туралы Заң).

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды