- Басты
- Жаңалықтар
- Асқар Жұмағалиев құрылыстағы жаңа технологиялар мен материалдар туралы айтып берді
Асқар Жұмағалиев құрылыстағы жаңа технологиялар мен материалдар туралы айтып берді
Аталған Жоспар аясында, жол құрылысына жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында, Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен бірлесіп жол-құрылыс материалдарының бағасын қайта қарау бойынша жиналыс өткізді. Ал, Ғылыми-зерттеу институтына (ҚазЖолҒЗИ) жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу үшін нормативтік базаны жетілдіру ісі тапсырылды.
Сондай-ақ, министр еліміздің үш өңірінде: Солтүстік пен Оңтүстікте және Батыста «Микросюрфейсинг» жаңа жол жабындысын қолдану бойынша тәжірибелік жұмыстардың жүргізілгенін де айтып өтті. Жаңа технология ескі, яғни жолдың үстіңгі қабатын кедірлі-бұдырлы өңдеу технологиясының орнына қолданылатын болады және жолдардың қолданыс мерзімін 2-3 жылға дейін арттырады. Алдағы жылдан бастап аталған технологияны үстіңгі қабатына бетон төселген автожолдарда тәжірибеден өткізу мақсатында қолдану көзделуде. Бұл технология жол жабындыларын ылғалдан қорғайды және үйкеліс коэффицентін арттырады.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің реконструкциясы жобасы аясында Москва –Казань автожолы учаскесінің құрылысында қолданылып жатқан технология бойынша монолитті бетон көпірлерінің құрылысы тәжірибе ретінде қолданылуда. Бұл технология құрылыс құнын 30% арзандатуға және құрылыс мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Аталған технология, сондай-ақ Алматы – Қорғас автожолы бойындағы көпірлердің құрылысына қолданылатын болады.
Көпір құрылысына көпірдің қолданыс мерзімін 2 есеге (20 жылға дейін) арттыруға мүмкіндік беретін полиуретандық тірек бөліктер мен полимерлі асфальтты бетонды қолдану да жоспарда бар.
Бүгінгі күні Көлік және коммуникация министрлігі жылы асфальтты бетон қоспаларын қолдану үшін арнайы нормативтік база әзірлеуде. Аталған технология энерго шығындарын 25% азайту арқылы құрылыс құнын 5% арзандатуға мүмкіндік береді.
Жергілікті желілердегі жолдардың құрылысына жұмсалатын қаражат көлемін азайту үшін ғылыми-зерттеу институты жол жабындысының жеңілдетілген конструкциясын әзірледі. Яғни, жергілікті жерлерде өндірілетін аса төзімді емес тас материалдарды органикалық және органикалық емес қоспаларды, өндіріс қалдықтарын қосу арқылы пайдаңға жарату көзделуде. Аталған технология құрылыс жұмыстарын 30-50 % арзандатуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні «ҚазЖолҒЗИ» АҚ инновациялық технологиялар мен материалдар қолданылып жатқан 40 тәжірибелік учаскеге мониторинг жүргізіп жатқанын айтып өту керек. Зерттеу нәтижесінде жаңа материалдар мен технологияларды еліміздің автомобиль жолдарының құрылысына қолдану қаншалықты мүмкін екендігі анықталады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері