• Басты
  • Жаңалықтар
  • Германияның саясаткерлері мен сарапшылары жаһандық ядролық қарусыздану саласындағы Қазақстанның іс-әрекеттерін қолдауда

Германияның саясаткерлері мен сарапшылары жаһандық ядролық қарусыздану саласындағы Қазақстанның іс-әрекеттерін қолдауда

25 Қараша, 2015 10:19
Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің бастамасымен «Westerwelle Foundaton» атындағы неміс қоғамдық-саяси қоры ғимаратында жаһандық ядролық қарусыздану саласындағы Қазақстанның бастамалары «Қарусыздану және өзгерістер дәуіріндегі қарулануды бақылау» тақырыпқа конференция және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ зардаптары туралы фотокөрме өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың халықаралық антиядролық бастамалары, оның ішінде ү.ж. қыркүйекте Нью-Йорк қаласында БҰҰ 70-ші Бас  Ассамблеясы кезінде өз сөзінде атап өтілген, «АТОМ» жобасы, сондай-ақ жаппай ядролық қарусыздану және таратпау бойынша жалпы Қазақстанның күш салуын неміс қоғамдық-саяси топтары қолдайтындығын конференцияда көрсетілді. 

ГФР бұрынғы Вице-канцлері – Сыртқы істер министрі, қордың Басқару төрағасы Гидо Вестервелле атынан оқылған алғы сөзінде жаһандық ядролық қарусыздандыру үдерісіндегі Қазақстанның рөліне жоғары баға берілді.

Өз кезегінде, Германиядағы Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов Президент Н. Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы батыл шешімінің тарихи мәні және әлемдік маңыздылығына, Қазақстанның әлемдегі мөлшері жағынан төртінші ядролық арсеналдан бас тартқанын айрықша атап өтті. Елшінің сөзіне қарағанда, аталған шешімдер халықаралық саясат тарихында бұрын соңды болмаған ерекше жағдайлар болды.

Сонымен қатар қазақстандық дипломат Президент Н. Назарбаевтың шешіміне сәйкес Қазақстанның ядролық қарусыздану үлгісі қазіргі заманда ядролық қарудың одан әрі таралуымен және оны халықаралық лаңкестік ұйымдардың сатып алу қаупімен сипатталатын айрықша өзекті мәселеге айналуда. Өз сөзінде Болат Нүсіпов ядролық сынақтың гуманитарлық, халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайына, қоршаған ортаға тигізген зиянды әсеріне  тоқталды.

Барлық жаңалықтар