- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Әйелдердің 4-ші Еруазиялық саммиті өз жұмысын бастады
Астанада Әйелдердің 4-ші Еруазиялық саммиті өз жұмысын бастады
Саммит жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева қатысып, сөз сөйлейді. Саммиттің мәртебелі қонақтары қатарында Грузияның саяси партиясының көшбасшысы Нино Бурджанадзе болады.
Сондай-ақ, саммит аясында бірнеше шаралар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, «Нұрлы жол-Жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық көонференциясы, «Бизнестегі әйел-20 қазақстандық бренд» атты отандық өндірушілер көрмесі өтеді.Сонымен бірге,«Қазақстанның қанатты әйелдері» және «Жан қанаты» атты кітаптардың тұсауы кесіледі. Кеш соңында аймақтардағы көшбасшыларды арнайы медальдармен марапаттау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, форум аясында «Жан Қанатты» кітабының таныстырылымы өтеді, ол Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының 20 жылдық қызметі туралы сыр шертеді.
Сондай-ақ, «Қоғам гүлденуіне қосқан сүбелі еңбегі үшін» төс белгісі тапсырылады. Саммит қатысушыларының арасында «Ажар жұлдызы- бизнестің тұрақты дамуына 20 жыл» сыйлығының лауреаттары белгілі болады.
Айта кетейік, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы – елдің тұңғыш әйелдер ұйымы. Бүгінде Қауымдастық 15 мың әйелдің басын біріктіріп отыр. 20 жыл ішінде Қауымдастық жүздеген әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асырды.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек