- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің әскери оқу-жаттығулары үшін арнайы ұтқыр зертхананы іске қосуды жоспарлауда – ҚР ҚМ (ФОТО)
ҚР ҚК-нің әскери оқу-жаттығулары үшін арнайы ұтқыр зертхананы іске қосуды жоспарлауда – ҚР ҚМ (ФОТО)
Ол Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің көшпелі әскери оқу-жаттығулары, сондай-ақ әскери ғалымдардың әртүрлі ғылыми эксперименттерін өткізу үшін арналған. «Зертхананың жарақтандыруында кәдімгі шағын аппараттар, айналы фотоаппараттар, экшн шағын камералармен қатар жарықтандыру жүйелері бар кәсіби бейнекамералар, сондай-ақ жоғары жылдамдықты бейнекамера бар», - деп айтып өтті ҰҚУ Ғылыми-зерттеу институты ғылыми-экспериментальді бөлімінің аға офицері лейтенант Дәурен Қасенов.
Сонымен қатар, зертхана орталыққа шынайы уақыт режімінде деректерді жоғары жылдамдықта тарату жүйесі және автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған. ҰҚУ ҒЗИ ғылыми-экспериментальді бөлім маманының айтуынша, қазіргі кезде аталған зертхананың жобасы пысықталуда, кең өтімді автомобиль бөлінуде. Ол персоналдың жолға шыққан кезіндегі толыққанды жұмыс жасауы үшін барлық қажетті керек-жарақпен жабдықталатын болады.
Осы ұтқыр зертхана Ұлттық қорғаныс университеті Ғылыми-техникалық ақпарат орталығының бөлігі болып табылатынын айта кеткен жөн. Орталықтың өзі берілген өлшемдер бойынша телевидение, радиоарналар бойынша көрсетілетін ғаламтор желісінде аудио, бейне және фотодеректерді автоматты түрде іздеу және ұстап алу жүйесінен тұрады. Бес спутниктік қабылдағыш әлемнің 1000-нан аса арнасынан ақпарат алады.
Бұл ретте бір уақытта әртүрлі спутниктерден 20 спутниктік арнаны қабылдау мен тамашалауды, автоматты және қолмен реттеу режімдерінде 10 арнаны жазуға болады. Ақпаратты сақтауға келер болсақ, ол үшін орталық көлемі 1 нетабайт немесе 1 000 000-нан аса гигабайттан тұратын жеткілікті қуатты сақтағышпен жабдықталған. Орталық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарын құру және онымен әскери ғалымдарды, құрылымдық бөлімшелердің мамандарын, жоғары оқу орнының докторанттары мен магистранттарын қамтамасыз етудің құралы, институттың профеесорлық-оқытушылар құрамының ғылыми жұмысы үшін ақпараттың қайнар көзі болып табылады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды