- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2016 жылы ТКШ жаңғыртуға 90 млрд теңге бағыттау жоспарланған - ҚР ҰЭМ
Қазақстанда 2016 жылы ТКШ жаңғыртуға 90 млрд теңге бағыттау жоспарланған - ҚР ҰЭМ
«2015 жылы шамамен 60 млрд теңге бөлу жоспарланған. 2016 жылы - 90 млрд теңге және одан кейін жыл сайын 100 млрд теңгеден бөлнеді», - деді М.Жайымбетов.
Сонымен бірге, ол мемлекет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және инфрақұрылымды жаңғыртуға баса назар аударып отырғанын айтты.
«Бүгінгі таңда біздің коммуналдық шаруашылықты дамыту екі мемлекеттік бағдарламамен реттелуде: тұрғын үй қорын жаңғырту аясында 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы, және 6 сәуірде Мемлекет басшысы қабылдаған инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы», - деп еске салып өтті Жайымбетов.
Оның айтуынша, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру 2020 жылға дейін жүйелердің ескіруін 60%-дан 53%-ға дейін төмендетпек.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2020 жылға дейін ТКШ жаңғыртуды жеделдету бойынша келесі шаралар қарастырылған – бюджеттік несиелеу және құрылысты субсидиялау, жылу-су жабдықтау жүйелерін қайта жөндеу, су жіберу», - деді ол.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 10 айында 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, 14 қазандық, үш сорғы стансасы салынып жатса, шамамен 150 шақырым инженерлік желі жаңғыртылды және салынды, 12 отандық тауар өндіруші, оның ішінде құбыр өнімдерін шығаратын 5 зауыт, 2 қазандық жабдықтары, 4 реттеуші арматуралар және 1 суды тазарту технологияларының құрал-жабдықтары тартылды.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды