- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы Әйелдердің 4-ші Еруазиялық саммитіне 500-ден астам адам қатысады
Астанадағы Әйелдердің 4-ші Еруазиялық саммитіне 500-ден астам адам қатысады
Саммит жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева қатысып, сөз сөйлейді. Саммиттің мәртебелі қонақтары қатарында Грузияның саяси партиясының көшбасшысы Нино Бурджанадзе болады.
«Біз әйелдер саммитін осымен төртінші рет өткізгелі отырмыз. Ол интеграция және әйелдердің экономикаға қосатын үлесі туралы болмақ. Бұл біздің жаһандық сауда ұйымына енгеннен кейін экономикалық кеңістікте өте маңызды мәселе. Сондай-ақ, саммитте ЭКСПО-2017 көрмесіндегі әйелдердің рөліне басымдық беріледі. Қазір елдегі әйелдер кәсіпкерлігі даму үстінде. Сондай-ақ, саммитте Еуропалық қайта құру және даму банкімен қарым-қатынасымызды одан әрі дамыту мәселесі қарастырылады. Өйткені, ЕҚҚДБ еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға 41,1 млн доллар бөліп отыр», - деді ол.
Оның айтуынша, саммит жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, Грузияның саяси партиясының көшбасшысы Нино Бурджанадзе қатысып, баяндамаларын оқиды.
Сондай-ақ, саммит аясында бірнеше шаралар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, «Нұрлы жол-Жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық көонференциясы, «Бизнестегі әйел-20 қазақстандық бренд» атты отандық өндірушілер көрмесі өтеді.
Сонымен бірге,«Қазақстанның қанатты әйелдері» және «Жан қанаты» атты кітаптардың тұсауы кесіледі. Кеш соңында аймақтардағы көшбасшыларды арнайы медальдармен марапаттау жоспарланып отыр.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда