• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңның қазақстандық жаңашылдығы «бір терезе» қағидасының енуі

Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңның қазақстандық жаңашылдығы «бір терезе» қағидасының енуі

24 Қараша, 2015 16:21
«Ақпаратқа колжетімділік туралы» заңның қазақстандық жаңашылдығы «бір терезе» қағидасының енуі.Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бапасөз мәжіліснде айтты.

«Біз бұл заңды қабылдау барысында көп ізденіп, халықаралық тәжірибелерді жинақтадық. Сондай-ақ, еліміздегі мамандармен, сарапшылармен келісе отырып, осы заң жобасын ұсынған едік. Міне, бүгінгі күні ол өз күшіне енді. Бұдан былай азаматтардың денсаулығына қауіп-қатер төндіретін кез-келген ақпарат қолжетімді болады», - деді ол.

Депутат атап өткендей, енді тұрғындардың өрт қауіпсіздігі, санитарлық, эпидемиологиялық, радиациялық экология, азық-түлік қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың жай-күйі туралы дер кезінде ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Оның айтуынша, құжатта ақпаратқа қол жеткізу тәсілдері кеңейтілген. Мәселен, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын қоса алғанда, Парламенттің жалпы отырыстарын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың, жергілікті өкілді органдарының ашық отырыстарын онлайн-трансляциялау, сонымен қатар, жыл қорытындылары бойынша өткізілетін мемлекеттік органдардың алқаларын интернет-ресурстар арқылы ақпаратқа қолжеткізу ұсынылады.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар