• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Әшімбаев: Ел тұрғындарының денсаулығына әсер ететін ақпарат әрқашан қолжетімді болуы керек

М.Әшімбаев: Ел тұрғындарының денсаулығына әсер ететін ақпарат әрқашан қолжетімді болуы керек

24 Қараша, 2015 15:52
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңда өрт қауіпсіздігі, санитарлық, эпидемиологиялық, азық-түлік қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар туралы, азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін ақпарат әрқашан қолжетімді болуы керек. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.

« «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңына Мемлекет басшысы қол қойған болатын. Заң елдегі ақпаратқа қолжетімділік туралы барлық шараларды қарастырады. Заңда ақпаратқа шектеу қоюды кеңейту шаралары қарастырылған. Ақпарат кез келген жағдайда қоғамға қолжетімді болуы туралы бекітілген. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңда өрт қауіпсіздігі, санитарлық, эпидемиологиялық, азық-түлік қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар туралы, азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін ақпарат әрқашан қолжетімді болуы керек», - деді М.Әшімбаев.

Оның айтуынша, заңда құқықтың бұзылуы, адам бостандығын шектеу, лаңкестік актілерінің жүзеге асырылуы, жергілікті бюджет шығынының қалыптасуы сынды ақпараттар қоғамға қолжетімді болуы тиіс.

« «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңға сәйкес, барлық ақпаратқа ие физикалық және заңды тұлғалар, мемлекеттік билік өкілдері, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, болып саналады»,- деді депутат.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар