- Басты
- Жаңалықтар
- АӨК субъектілеріне 4,9 млрд. теңге көлеміндегі субсидиялардың төленуі мақұлданды
АӨК субъектілеріне 4,9 млрд. теңге көлеміндегі субсидиялардың төленуі мақұлданды
Биылғы он ай ішінде инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында бағдарлама операторы «Қазагромаркетинг» АҚ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен барлығы 1 634 өтінім қабылдады. Олардың ішінде 1 420 өтінімі бойынша әкімдіктердің жанындағы комиссия отырыстарының қорытындыларына сәйкес субсидиялардың төленуі мақұлданды. Мақұлданған өтінімдер бойынша жобалардың жалпы құны 24,8 млрд. теңгені құрады. Төленуі мақұлданған субсидия көлемі 4,9 млрд. теңгеге тең.
Бағдарламаға еліміздің 14 облысы мен Астана қаласының АӨК субъектілері қатысып отыр.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында ағымдағы жылға қаралған барлық субсидиялар толық көлемде игерілді. Павлодар, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Атырау облыстары мен Астана қаласында бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Инвестициялық субсидиялау былтырдан бері «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.
Инвестициялық субсидиялар еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға кеткен инвесторлар шығындарының 20-дан 80%-ға дейінгі үлесін өтеуге бағытталады. Бұл бағдарлама аясында агроөнеркәсіптік кешеннің басымды салаларында жаңа өндірістік қуаттар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мақсатында сатып алынған техника мен құрал-жабдықтардың, сонымен қатар іске асырылған құрылыс-монтаж жұмыстарының құны ішінара өтеледі. Жалпы бағдарлама бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің 18 өндірістік бағыты қамтылған.
«Қазагромаркетинг» АҚ бағдарлама операторы болып табылады. Оператордың міндеттеріне инвесторлардан бағдарламаға қатысуға өтінімдер қабылдау, инвесторлардың ұсынған құжаттарының субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру, инвестор жобасының субсидиялау шарттарында бекітілген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы ұсыныстар дайындау және инвесторлардың өтініштерін қарау және инвестициялық субсидияларды ұсыну/ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдауға құзыретті алқалы орган - комиссияның отырысын шақыру енеді.
Еске сала кетсек, инвестициялық субсидиялау елімізде алғаш рет «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында былтырдан бері жүзеге асырыла бастады.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина: 823 498 қазақстандық екпе алды -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді