СҚО-да өңірдің табиғи ресурстарын пайдалану мәселесі талқыланды

24 Қараша, 2015 18:07
Облыстық әкiмдiктегi аппараттық кеңестiң күн тәртiбiне тоқтап тұрған кәсiпорындарды жаңғырту бойынша атқарылған шаралар мен әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiктер бағасының ағымдағы жағдайы шығарылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

СҚО индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Жүсiпов басқарма 2015-2016 жылдарға арналған СҚО-дағы тоқтап қалған кәсiпорындар мен бос қалған ғимараттарды жаңғырту бойынша Жол картасы әзiрленгенiн жеткiздi.

«Жол картасына облыстағы тоқтап тұрған 28 кәсiпорны енгiзiлдi», — дедi Жанат Қабиденұлы.

Мағжан Жұмабаев ауданында тоқтап тұрған дәмханада жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, үш дүкеннiң әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда жақында сүт өңдеу және құю бойынша цех iске қосылады.

Петропавл қаласында 8 тоқтап қалған кәсiпорынды iске қосу жоспарланған. Олардың бiрi- «Зенченко және К» КС сүт зауыты, бұнда жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Кәсiпорын сары май және құрғақ сүт өндiрiсiн қайта бастады.

«Әр кәсiпорын бойынша жұмыс жасау керек, қайта жаңғырту немесе бағытын өзгерту керек», — дедi Ерiк Хамзаұлы.

СҚО кәсiпкерлiк және туризм басқармасының басшысы Евгений Глотов әлеуметтiк маңызы бар тауарлардың бағалары туралы баяндады.

«Үстiмiздегi жылдың соңына дейiн бағаларды тұрақтандыру мақсатымен құс фабрикаларымен әрiптестiк бойынша меморандумдарға қол қойылды», — дедi Евгений Сергеевич.

Сондай-ақ, ол қайта өңдеу кәсiпорындарымен меморандумдарға қол қойылды. 1 сұрыпты бидай ұны сауда желiсiне келiсi 64 теңгеден, бөлшек саудада 72 теңгеден сатылады.

«Зенченко және К» КС сүт, айран, сары май, және iрiмшiктiң бағасын төмендеттi. Фирмалық сауда орындарындағы өнiмдердiң де бағасы төмендетiлдi. Өңделген сүттiң 1 литрiн 150 теңгеден, айранның 1 литрiн 170 теңгеден, iрiмшiк 5 пайызға төмендетiлдi.

«Солтүстiк» ӘКК-мен қарақұмық жармасын сатып алу бойынша шарт жасалып жатыр. Өсiмдiк майын сатып алу көздерi анықталып жатыр»,-дедi Евгений Сергеевич.

 

 

Барлық жаңалықтар