- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев отандық өндірушілерді халықтың қолдауы маңызды екенін атап өтті
Н.Назарбаев отандық өндірушілерді халықтың қолдауы маңызды екенін атап өтті
Елбасы нысанды аралау барысында кәсіпорын қызметімен және оның өндірістік цехы жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаладағы жеңіл өнеркәсіптің ірі және орташа кәсіпорындары өнімдерінің көрмесін аралап көрді.
Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын ұжымымен әңгіме барысында отандық өндірушілерді халықтың қолдауы маңызды екенін айтып өтті.
Барша қазақстандықтарға өзіміздің отандық тауарларды, соның ішінде «Мade in Kazakhstan» белгісі бар аяқ киімдер мен костюмдерді сатып алу қажеттігін айтқым келеді. Егер жеңіл өнеркәсіп ілгері басатын болса, сала кәсіпорындарында жұмыс істейтіндер еңбекақы алып, мемлекетке салық төлейді. Бұл бәріне тиімді – бюджетке түсім түседі, елде өзіміздің өндірген тауарларымыз пайда болады. Бұл орайда өнім сапасын ұдайы жетілдіріп отырған жөн, – деді Қазақстан Президенті.
Айта кетейік, «Қазжеңілөнеркәсіп – Алматы» ЖШС – аяқ киім мен киім, соның ішінде әскерилер мен күштік құрылымдарына арналған киімдер шығаратын ірі өнеркәсіптік кәсіпорын. Фабрика жұмыс істей бастаған 2011 жылдан бері жұмысшыларының саны 15 есеге артты.
Қазіргі кезде кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1,5 миллион тігін өнімдері мен 400 жұп аяқ киім шығаруға жетеді. Шығарылатын өнім түгелдей СТ-KZ сертификатын иеленген, мұндағы қазақстандық қамту үлесі 50-75 пайыз болады. Соңғы екі жылда өндіріс көлемі 6,8 есеге ұлғайып, 393 миллион теңгеден 2,7 миллиард теңгеге жетті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Н.Дементьева: Халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмесе, басқа жетістікпен мақтанудың қажеті жоқ