- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Ә.Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында өтеді
2016 жылы Ә.Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында өтеді
«ЮНЕСКО Бас конференциясының 2-18 қараша аралығында болып өткен 38-сессиясы «мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысу туралы» өзінің Атқарушы кеңесінің ұсынысын түпкілікті мақұлдады», - деді ол.
ЮНЕСКО-дан жеткен жаңалықты ақпарат құралдарына жеткізу мақсатында 24-қараша күні елімізге танымал алаштанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде арнайы брифинг өткізеді.
«Оған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Дихан Қамзабекұлы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры Сұлтанхан Аққұлұлы, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi Берік Уәли қатысады», - деді С.Аққулы.
Жалпы бұған дейін ЮНЕСКО көлемінде А.Құнанбайұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Өтемісұлы, М.Х.Дулати, Қ.Сәтпаев, Ә.Марғұлан, А.Машани, А.Жұбанов, Ә.Қастеев, Ш.Айманов, І.Есенберлин сынды тұлғалардың мерейтойлары аталып өтілді. Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның атаулы күндер қатарына Түркістанның 1500, Тараз қаласының 2000, «Қыз Жібек» эпосының 500 жылдығы еніп, халықаралық деңгейде тойланды. Енді міне бұл тізім Алашорда Үкіметінің басшысы Әлихан Бөкейханмен толықты.
Ботагөз Айтжанова
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді