• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысының бюджеттік мекемелерінің көліктері 2016 жылдан бастап газбен жүруге көшеді – әкім

Ақтөбе облысының бюджеттік мекемелерінің көліктері 2016 жылдан бастап газбен жүруге көшеді – әкім

24 Қараша, 2015 12:57
Ақтөбе облысының бюджеттік мекемелерінің көліктері 2016 жылдан бастап газбен жүруге көшеді, деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ОКҚ-да.

«Бүгінгі таңда ең арзан газ Ақтөбе облысында. Біз келесі жылдан бастап бюджеттік мекемелердің барлық көліктері газға өтеді. Бұ бізге екі есе үнемдеуді ұсынады, біріншіден, ақшалай шығын, екіншіден, жанар-жағармай материалдарды үнемдейді. Біз бір аудан бойынша қорытынды жүргіздік. 25-30 пайыздық резерв бар», - деді Б.Сапарбаев.

Облыс әкімінің айтуынша, газға көшу бір көлікке шаққанда 130-дан 170 мың теңгені құрайды.

«Егер бензин литрі 120-дан 139 теңге аралығын құраса, газға көшуде 23 теңгені құрайды. Ол әлдеқайда арзан», - деді ол.

Б.Сапарбаев айтып өткендей, Ақтөбе мен аудан орталықтарында газқұбырлы станциялар салынуда.

Анар Тәңірқұлова

 

 

Барлық жаңалықтар