Ақтөбе облысында ИИДМБ аясында 600 млрд теңгенің 71 жобасы жүзеге асырылды

24 Қараша, 2015 12:26
Ақтөбе облысында ИИДМБ аясында 600 млрд теңгенің 61 жобасы жүзеге асырылды, деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ОКҚ-да.

«Біздің облыста Индустрияландыру картасына 800 млрд теңгенің 81  жобасы енгізілді. Бүгінгі таңда 600 млрд теңгенің 71 жобасы жүзеге асырылды. Президент жұмыссыз тұрып қалған жобаларды сынға алған болатын. Бүгінде облыста 2 кәсіпорын жұмыссыз тұр. Біз олармен жұмыс істеудеміз. Жыл соңына дейін бір жоба іске қосылса, екінші бойынша қайта оңалту жүргізіледі, 9 жоба 30-дан 70 пайызға дейін жүргізілуде», - деді ол.

Аймақ басшысының мәліметінше, 2015 жылы 9,8 млрд теңгенің 8 жобасын жүзеге асыру қарастырылған.

«Бүгінгі таңда 3 жоба енгізілді, 5 жоба жыл соңына дейін енеді. Инвесторларды тарту үшін біз индустриялды аймақ құрдық, жұмыс Үкіметтің қолдауы нәтижесінде толық аяқталды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша біз 4 млрд теңге алдық, 1 млрд теңге бюджеттің қаражатынан бөлінді», - деді ол.

Б.Сапарбаев атап өткендей, облыста инвесторлардың көмегімен 10 ірі және 30 шағын және орта кәсіп ашу қарастырылған.

Анар  Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар