• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда ЮНИСЕФ/ДДҰ Алматы декларациясының 35-жылдығына арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша халықаралық конференция ашылды

Алматыда ЮНИСЕФ/ДДҰ Алматы декларациясының 35-жылдығына арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша халықаралық конференция ашылды

6 Қараша, 2013 10:00
Әлемнің 70 шақты елінің өкілдері алғашқы медицина-санитарлық көмек бойынша ЮНИСЕФ/ДДҰ Алматы декларациясының 35-жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысу мақсатымен Алматыға жиналды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

«Конференцияға қатысушылардың арасында ДДҰ  Еуропа аймақтық бюросының директоры Жужанна Якаб, ДДҰ өңірлік кеңселерінің 5 директоры, ЮНИСЕФ  штаб-пәтерінің  директоры Ник Алируль, денсаулық сақтау саласының халықаралық сарапшылары, денсаулық сақтау министрлері, Азиялық  даму банкі, Орта Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығы, Қазақстандағы Дүниежүзілік банкі, Орта Азия өңіріндегі АҚШ дерттерінің  алдын алу және бақылау орталығы өкілдері және т.б бар», - делінген хабарламада.

Алғаш рет 35 жыл бұрын әлемнің 157 елі  алғашқы медициналық-санитарлық көмектің даму басымдылығын анықтап және оны әлемдік денсаулық сақтау жүйесінің алдыңғы қатарына шығарып Алматы декларациясын қабылдады. Осылайша  алғаш рет АМСК қызметі анықталып, оның негізгі тұжырымдары мен оның даму элементтері бекітілді.

Алматы декларациясына сай, АМСК дамуының негізгі тұжырымдамасы халықтың саналы түрде қатысуы, денсаулық сақтау технологиясының сай келуі мен сектораралық қатынастар болып табылады.

Ведомствоның хабарлауынша, конференция елдердің өзара тәжірбие алмасуына, алғашқы медициналық-санитарлық көмек инновациялық формасымен қамтамасыз ете отырып денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру ұсыныстарын анықтау, медбикелік әлеуетті арттыру, халықтың денсаулығына әсер ететін өзге де секторларды денсаулық сақтау саласына тарту, АМСК қызметін компьютерлендіру мен ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету.

Шараға қатысушылар әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің дәрігерлік тәжірибенің дамуы мен мамандарды дайындау, АМСК сапасын арттыру мен қолжетімділігін қадағалау және алдын алу бағдарламаларын дайындау, транспорттық медицинаның дамуы, ауылдық жерлерге денсаулық сақтау қызметін жетілдіру, АМСК және жалпы денсауллық сақтау саласының қаржыландырылуы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сектораралық әріптестікті қалыптастыру секілді салалардағы тәжірибелерін қарастырмақ.

 

Барлық жаңалықтар